скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Версия для слабовидящих
  • Мобильная версия
№: 702 Дата: 07.01.2018 - 00:29:53 Статус: Опубликовано
Вопрос:
Саламатсыз ба! Мен 2017 жылғы сәуірден бастап мемлекеттік қызметке бала күтіміне байлнысты демалысқа шыққан қызметкердің орнына уақытша міндетін атқарушы жетекші маман ретінде орналастым. Алты ай сынақ мерзімі қазан айында аяқталды. Мемлекеттік қызметке алғашқы қабылданған қызметкерлерді үш апталық қайта даярлау курсына жіберуді 2018 жылдың сәуір айының ортасына жоспарлаған. Ал, бала күтіміндегі қызметкер 1-ші сәуірден бастап жұмысқа шықпақшы. Енді сұрақ. Қайта даярлау курстарының алғашқы мерзімі ақпан айына белгіленген. Осыған орай, мен алғашқы курсқа баруға құқығым бар ма? Осы жылғы ақпан айына белгіленген жаңадан орналасқан екі қызметкер менен кейін жұмысқа орналасты. Осылардың орнына мені бірінші жіберу тиіс пе, әлде кестені бекіту мемлекеттік қызметкердің жұмыс орнына орналасу мерзімінен тәуелсіз жергілікті атқарушы органның құзырына кіре ме?
Ответ:
Құрметті Кәмшат Бексұлтанқызы! Агенттіктің интернет-ресурсына мемлекеттік қызметкерлердің қайта даярлау курстарын өту мәселесі бойынша келіп түскен өтінішіңізді қарастырып келісіні хабарлаймыз. Мемлекеттік қызметшілердің оқыту тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) анықталады. Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қайта даярлауға жіберіледі. Осылайша, мемлекеттік қызметшіні қайта даярлауға жіберу мерзімі қызметшінің сынақтан өту сәтінен емес, ал лауазымға тағайындалған күннен бастап есептеледі. Осыған байланысты, мемлекеттік орган Сізді қайта даярлау курстарына Қағидаларда көрсетілген мерзімдер ішінде жіберуі тиіс.

Мобильная версия RSS Карта сайта