скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Версия для слабовидящих
  • Мобильная версия
№: 663 Дата: 21.12.2017 - 12:56:32 Статус: Опубликовано
Вопрос:
Қайырлы күн! Жүктілік және босану демалысына кеткен қызметкердің лауазымын атқарған үшін үстемақы алуға болады ма? Атқаратын қызметім бас маман, ал жүктілік және босану демалысына кеткен қызметкер жетекші маман, атқаратын лауазымдық міндеттеріміз бірдей, тек 3 міндеттерімізде ерекшелік бар.
Ответ:
Құрметті Шара Шамиловна! Сіздің үстемақы алу мәселеңіз бойынша өтінішіңізді қарастырып келесіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабы 1 тармағына сәйкес, қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы белгіленеді (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңының 38 бабы 2 тармағы). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес өзінің негізгі жұмысынан босамай, уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны үшін қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгіленеді. Сондай-ақ, аталған Ережеде қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде, мемлекеттік орган басшысы - бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен және шығыстарды үнемдеу есебінен жүзеге асырылатындығы көрсетілген.

Мобильная версия RSS Карта сайта