скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.06.2019 г.

Сыртқы талдау нәтижелерін талқылау

Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелерін талқылау өтті.

Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті тарапынан Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелерін талқылау мақсатында «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған жиынға сыртқы талдау жүргізуге құрылған жұмыс тобының мүшелері мен Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары және Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшылығы қатысты.

Ақпарат ретінде: Талдау барысында департаменттің қызметінде 12 тәуекел анықталды. Олар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары салалық заңнамаларына қайшы келуі, жасырын мемлекеттік қызметтердің болуы, мемлекетттік қызметтер стандарттарында көзделмеген құжаттарды талап ету және мемлекеттік сатып алулар кезінде орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылады.

Талдау барысында Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралалары өте төмен деңгейде жүргізілетіні анықталды. Мысалы, 2018 жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау формалды түрде өткізілді. Сондай-ақ, Бөлім сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған Іс-шаралар жоспарында көрсетілген шаралардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысы жоқтығы анықталып отыр.

Сыртқы талдау қорытындысы бойынша Агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаменті тарапынан жоғарыда көрсетіліген тәуекелдерді жою мақсатында Бөлімге тиісті ұсыныстар енгізілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы