скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

12.06.2019 г.

Біз адалдықты таңдаймыз!

2019 жылдың 08-09 маусымы күндері Алматы облысында халықаралық деңгейдегі «Grand Fondo Kazahstan Tour of Zhetysu-2019» веложарысы өтті.

GRAN FONDO – бір тас жолда әуесқойлар мен кәсіби спортшыларды біріктірген ең белгілі және танымал веложарыс. Gran Fondo Kazakhstan Tour of Zhetysu веложарысының маршруты бірегей асфальтталған тас жолмен Жетісудың ең көркем жерлері арқылы өтті.

Мұндай ауқымды іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Шара барысында жарысқа қатысушыларға «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды.

Веложарысқа Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Украина, Қытай халық республикасы, Германия, Польша және Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерден 250-ден аса спортшы қатысты.

«Алматы облысында өтіп жатқан осы іс шараға бірінші рет қатысудамын. Жетісу өңірінің табиғаты өте керемет әсер қалдырды. Осындай жарыстар адамның бойында адалдық, парасаттылық, достық, патриоттық қасиеттерін қалыптастырады. Бұл веложарыс маған өте қатты ұнады, алдағы уақытта жылда қатысуға тырысамын» - деп атап өтті жарысқа қатысушы Ресей Федерациясының азаматы Алексей Рожков.

Айта кету керек, аталған веложарыс Жетісу өңірінде төртінші мәрте өткізілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы