скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.06.2019 г.

Ашықтық - заман талабы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы әкімінің аппаратында «Open space» жобасы жүзеге асырылды.

Ең бірінші болып елімізде осындай форматтағы кабинетке Қаратал ауданында орналасқан Үштөбе қаласының әкімі көшкен болатын.

Ендігі кезекте, Жаркент қаласының әкімі Нұрмолдаев Талғат Қинитұлы стандартты жұмыс кабинетінен бас тартып, әкімдіктің бірінші қабатында орналасқан кабинетке көшті. Аталған кабинет толығымен ашық және бұл жерде үйреншікті қабырғалар жоқ.

Жобаның басты мақсаты азаматтар үшін қолайлы ортаны құру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы