скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

12.06.2019 г.

Алматы облысының барлық білім беру мекемелерінде бірінші сыныпқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды

«Жетісу – адалдық алаңы» жобасы жыл басынан бері түрлі тұрмыс саласындағы қызметтерді оңтайландыру, электронды форматқа ауыстыру және сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды мақсат етіп, ең алдымен, білім беру саласына баса назар аударған болатын.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтары «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «Білім» бағыты бойынша жобалау тобының жиналысы өтіп, сол жерде білім беру мекемелерінің жұмысын және білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша кешенді шешімдер іздеу мәселелері талқыланған болатын.

Нәтижесінде «Біз балалардың болашағына бүгін қамқорлық көрсетеміз!» деген ұранмен Алматы облысында Mektep SitCen жобасы енгізілді.

Mektep SitCen – мектептермен тікелей әріптестіктегі баршаға қолжетімді база, мәселелердің алқалық шешімі және педагогтар, ата-аналар, мемлекеттік органдар арасындағы кәсіби ашық диалогтың алаң болып табылады.

Бұл жүйе арқылы жеңілдікпен тамақтану, балаларды бірінші сыныпқа тіркеу, дарынды балаларға арналған мектептерге қабылдау үшін өтінім беру, лагарьге жолдама алу, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай ұйіне тегін тасымалдауға жазылу, сонымен қатар, баланы басқа мектепке ауыстыру үрдістерін электронды түрде жүзеге асыруға болады.

Mektepsitcen.kz сайтына кірген қолданушы бірінші тіркелуден өтіп, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алып, білім саласындағы жаңалықтарды оқып, облыстың барлық орта білім ордаларының паспортымен таныса алады.

Әр паспортта мектептің мекен-жайы мен байланыс телефонына бастап, электронды поштасы, мұғалімдер саны мен бірінші сыныптағы бос орындар, оқыту тілі мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі көрсетілген.

Ең ыңғайлысы, білім беру мекемелері әр аудан, қала бойынша және қызмет формасы бойынша (орта мектептер, мектеп-интернаттар, түзету мектептері) түсінікті интерфейсте жіктеліп орналастырылған.

Айта кеткен жөн, Mektep SitCen электронды жүйесі ел аумағының 7 облысында толыққанды енгізілген.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы