• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

Бейсеқұлова Ләззат Мұқатайқызы
Бейсеқұлова Ләззат Мұқатайқызы

1972 жылы 10 сәуiрде Алматы облысы, Көксу ауданында дүниеге келген.

1994 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-технолог» мамандығы бойынша, одан кейін І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «экономист» және «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Көксу ауданы Ленин совхозында Ж.Егінбаев атындағы орта мектептің лаборанты ретінде бастаған.

1995-1998 жылдары «Көксу-Шекер» АҚ, Көксу ауданы және Талдықорған қаласы әкімі аппаратында істеген.

1998 жылдың қараша айынан 2012 жылдың қазан айына дейін Алматы облысының өндірістік кәсіпкерлік басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде жетекші және бас маман лауазымдарын атқарған.

2012 жылдың қазан айынан 2015 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінің, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының сыбайлас жемқорлық қалпын анықтау және талдау бөлімінің консультанты болды.

2015 жылдың сәуір-қыркүйек аралығында Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2015 жылдың қыркүйегінен бастап 2016 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігі Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2016 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Төрағасы бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің  Алматы облысы бойынша департаменті  басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы