скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Департаменттің қызметі туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жалпы мәлімет:

2018 жылдың қорытындысына сәйкес Алматы облысының 622 жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 4306, нақты саны – 4079 адамды құрады.

Бос лауазымдарының саны – 227 бірлік (5,2%).

Ер адамдар саны – 2071 (50,7%), әйел азаматтар – 2008 (49,3%).

Жоғары білімі бар қызметшілердің саны – 3701 (90,7%), қалған 378 (9,3%) орта кәсіби білімді қызметкерлер.

Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 9,1 жыл, атқарып отырған лауазымдағы орташа тәжірибе 4,1 жыл. 

 

Меритократия қағидаты:

Облыс көлемінде өткізілген ішкі конкурс нәтижелері бойынша тағайындалғандардың саны - 521 бірлік, оның ішінде жоғары лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үлесі 73,5%, немесе 383 бірлікті құрайды.

 

Қайта даярлау мен оқыту курстары туралы:

2018 жылдың басынан бері облыс орталығында соңғы заманауи талаптарына сәйкестендірілген ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы жұмысын атқаруда.

1200 қызметшіні оқытуға облыс бюджетінен 105 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың қорытындысына сәйкес оқыту курстарынан жоспарда көзделген барлық мемлекеттік қызметші оқытудан өтті, оның ішінде біліктілігін арттыру – 1029 адам, қайта даярлау курстары – 171 адам.

 

«Таза ауысымдылық» көрсеткіші:

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың «таза ауысымдылық» көрсеткіші - 251 бірлік, немесе 5,8% құрайды (Стратегиялық жоспардың көрсеткіші 7,5%).

 

«Ротациялау» туралы:

2018 жылы 7 басқарма басшысын (D-O-1 санаты) ротациялау жоспарланған. Жыл қорытындысы бойынша 1 басқарма басшысы ротацияланды, 2-і жұмыстан босатылды және 4-ң лауазымда болу мерзімі ұзартылды.

 

Біліктілік талаптар туралы:

Есепті кезеңде Департаментпен 32 мемлекеттік органдарының біліктілік талаптары бекітілді, оларға негізгі себеп:

- Құрылым мен штат кестесінің өзгеруіне (аудандарда жаңа бөлім ашылуына) байланысты – 32;

- Біліктілік талаптарына бекітуге келісім берілмегендер - 3, себебі біліктілік талаптарын қайта бекітуге негіздеменің болмауы.

 

«Е-қызмет» ЫАЖ-сі туралы:

2018 жылдың өткен кезеңінің қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарымен (ауылдық округтрімен бірге) Жүйе арқылы 35659 құжат рәсімделген. Оның ішіндегі 31418 құжат немесе 88,1 %-ы «автоматты режим» арқылы әзірленген. Бір мемлекеттік әкімшілік қызметшіге шаққандағы орташа құжат 7,4 бірлікті құрап отыр.

«Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі туралы

Мемлекет басшысы өз сөзінде Мемлекеттік қызметке жас ұрпақты, адал, патриот және кәсіби мамандарды тарту қажеттігіне ерекше назар аударған болатын.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында Департаменттің бастамасымен 2018 жылдың 27 наурызында  Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі ашылды.

Аталған мектептің негізгі мақсаты - жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, болашақ мемлекеттік қызметшілердің тұлғасын жасақтау, білім беруді дамыту бағытында, сонымен қатар үзіліссіз білім беру және ғылыми байланыстар салаларында екі жаққа да ұтымды бірлесе қызмет етуді, құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту ісінде белсенді жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Мектеп тыңдаушыларын ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдарға тартуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

 

*** *** ***

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы

2018 жылда Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп 139 мәселе қаралды, оның ішінде 64 тәртіптік іс.

Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 57 тұлғаға тиісті тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін -21, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзғаны үшін - 36, ал 7 іс тоқтатылды.

Сонымен қатар, әкімдер мен өзге де басшыларға қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасына бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен 82 ұсынымдар енгізіліп, барлығы орындалды.

Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы бейнеролик дайындалып, Агенттікке жолданды. Аталған ролик әлеуметтік желілер мен ЛЭД-экрандарда, «Жетісу» телеарнасында көрсетіліп келеді.

 

Тексеру шараларының нәтижелері

Есепті кезеңде Мемлекеттік қызмет саласында 48 тексеру жүргізілді, оның ішінде 8 - ішінара тексеру, 4 - мемлекеттік қызметшілердің өтініштері бойынша, 28 - жеке тұлғалардың өтініштері бойынша, 8- заңды тұлғалардың өтініші бойынша. 

Тексеру барысында 455 заң бұзушылық анықталып, нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы 30 ұсыныс енгізіліп, 18 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, мемлекеттік органның заңсыз 1 актісінің күші жойылды.

Тексеру нәтижесі бойынша 31 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 11 - ескерту, 16 - сөгіс, 3 - қатаң сөгіс, қызметке толық емес ескерту -1.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл институты бойынша

Бүгінгі күні Алматы облысында жалпы 41 Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін атқаруда. Оның ішінде 1 - дербес лауазым, 40 - жүктеу арқылы енгізілді.

 

2018 жылға арналған Мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеруге бағытталған кешенді жоспарды орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

Кешенді жоспарды орындау мақсатында жасырын сауалнама жүргізілді. Нәтижесі бойынша Алматы облысы әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 26-б н/қ бұйрығына негізінде 81 жергілікті атқарушы органдарда 4133 мемлекеттік қызметкер қамтылуымен талдау жүргізілді.

Талдау қорытындысын Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, мемлекеттік органдарға тиісті ұсыным берілді.

Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін арттыру мақсатында «Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желіде таратылды.

 

*** *** ***

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Департамент тарапынан ағымдағы жылда қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 2244 - лекция мен семинара, 420 -  дөңгелек үстел,  59 – конференция және форумдар, 274 – телесюжет түсірілді, баспа басылым беттерінде – 997 мақала жарияланды, 1310 – әлеуметтік желісінде материалдар жарияланды, 600 750 – плакаттар, 102 – спорттық іс – шара ұйымдастырылды.

Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Департаментімен бірлесе облыстың 600-ден аса мектеп директорларымен кездесу өткізді.

Сондай – ақ, 2723 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қамтылды, оның ішінде, 41 шет мемлекеттің инвестицияларының құрылған ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Арнайы мониторинг тобы. Жыл басынын Арнайы мониторинг тобының 17 отырысы өтіп, 92 әр түрлі сұрақтар қаралды.

«Адал жол – Честный путь». Марафон облысымыздың 20 ауданы мен қаласын қамтыды. Сондай-ақ 150-ден астам іс-шаралар өткізіліп, 400 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтар. 1347 еңбек ұжымдарды 27 арнайы ресімделген автомобильдермен аралап, кездесулер өткізді. Осы кездесулер аясында 90 мыңнан астам  тұрғындар қамтылды.

Адал ұрпақ. Оқушылар арасында 760 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, 237 600 оқушы мүше болды.

«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» жобасы. Облыстың 60 колледжінде студенттік клубтар ашылды, жобалық кеңсесі Талдықорған аймағы бойынша Жетісу мемлекеттік университетінде 14 қараша күні, ал Алматы аумағы бойынша халықаралық Сүлейман Демирел университінде 27 қараша күні ашылды.

«Шалынып қалма!» жобасы. Жыл басынан түзету мекемелеріне 13 экскурсия ұйымдастырылып, облыстың 157 мемлекеттік қызметшісі қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық. Ағымдағы жылдың 9 қарашасы мен 9 желтоқсаны аралығында Департамент бастамасымен Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орайластырып, облыс аумағында        «Жер жаннатын  аялайық, жемқорлықтан арылайық!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық жарияланды. Айлық аясында облыс көлемінде 150-ден аса іс-шара өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарыққа шықты. Сонымен қатар, жалпы әлеуметтік желілерде және баспа беттерінде 100-ден астам материалдар жарияланған.

Адалдық дүкені жобасы. Бұндай дүкендер бүгінгі күні облыстық әкімдік ғимаратында, Агенттіктің аумақтық департаментінде, басқармалар мен аудандық әкімдіктерде және жоғары оқу орындары мен колледждерде ашылды.

Қоғамдық бақылау картасы. Ағымдағы жылы осы жоба аясында әр түрлі мәселелер бойынша тұрғындардан түскен  261 өтініш мазмұнына қарай тиісті органдарға жолданып, заң аясында шешімін тапты.

«Құлқынның құлы» кәсіби қойылымы. Қойылым тұсаукесері 5 желтоқсан күні жаңа театрда өтті.

Сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтары. Жыл басынан ҚР ӘҚБТ Кодексінің 676-бабы бойынша 6 іс қозғалып, мемлекет бюджетіне 2 308 800 теңге қаражат құйылды.

 

*** *** ***

 

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі 741 мемлекеттік қызметтерден тұрады. Оның ішінде Алматы облысында қызмет берушілермен 417 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның 222 түрі ОМО, 195 түрі ЖАО көрсетіледі (анықтама үшін: 4 мемлекеттік қызмет ОМО және ЖАО бірге көрсетеді).

 

Мемлекеттік органдардың есептік мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың 12 айында Алматы облысы бойынша мемлекеттік органдармен 12 050 695 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде: ЖАО – 7 792 688 мемлекеттік қызмет (көрсетілген қызметтердің жалпы санының 64,7%), ОМО аумақтық бөлімдерінен – 4 258 007 мемлекеттік қызмет (көрсетілген қызметтердің жалпы санының 35,3%) көрсетілген.

 

ЖАО көрсетілген қызметтердің жалпы санының 69,2% электронды түрде көрсетілсе, 3,1%  мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген, ал ОМО АБ мемлекеттік қызметтердің 45,3% электронды түрде көрсетілсе, 42,0% мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгенін айта кету керек.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 айында Департаментке келіп түскен 112 өтініштің 75 өтініші қаралып, 32 өтініштің дәлелдері расталып және 30 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді (93,7%).

 

2018 жылдың 12 айында 40 тексеріс жүргізілді, оның ішінде:  ішінара –15, жоспардан тыс – 25, оның ішінде: жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 25.

 

2018 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, Департаменттің бастамасымен облыс көлемінде 1211 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, аталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 56301 мемлекеттік қызмет электронды нысанда алынды.

 

Бұдан басқа, 2018 жылдың 12 айы ішінде электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 2774 іс-шара өткізіліп, 749936 адам қамтылды.

 

Оған қоса, Мемлекеттік қызметтер саласындағы Алматы облысының көрсеткішін жақсарту жолында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысына сәйкес, Алматы облысы әкімінің қолдауымен 2018 жылдың ағымдағы кезеңінде аудандық және қалалық әкімдіктерде ішкі бақылау қызметі бөлімдері құрылды.

 

*** *** ***

 

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚ-ТА ЖАРИЯЛАУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

2018 жылы Департаментпен атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ-та 2593 жарияланым шықты.

Оның 1310-ы ақпараттық сайт, 1007-і баспа басылымдарындағы мақалалар, 274-і телесюжет. Есепті кезеңде 109 сұхбат беріліп, 169 авторлық мақала жарыққа шығып (тек Департамент қызметшілерімен), 103 арнайы репортаж түсірілді.

Жыл басынан бері 24 брифинг, оның ішінде 8 – мини брифинг, 14 интернет-конференция өтті.

Департамент тарапынан жасалған имидждік бейнероликтер – 52.

Сонымен қатар, Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында 17 000-нан астам материал орналасқан.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы